Иманның мүкәмал (толық( болмағының үш шарты бар екен. Олар:
– айнымайтын, тура, берік сенімде болу;
– адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу;
– Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, ғибадат пен кіші-пейілдікке бейім болуы. Бірінші шарт ең алдымен адамның өзіне қажет. Екінші шарт өз сыйың мен өзгені сыйлай білу қасиетіңе қатысты. Үшінші шарт, әсіресе, үлкендерге тиесілі. Кез келген адам өзін-өзі тәрбиелей ала ма? Қасиет қанда, қасірет қаныпезерлікте жатса қайтеміз? Алдыңғысы текке телініп, кейінгісі жетесіздікке жегіліп, қара жол қайрылмастай қақ айрылып кетсе, тәрбие тәлімі қайда қалмақшы?
И. Сапарбай