Идеал өлді. Идеал өлген соң әсемдік орнын есерлік, сұлулық орнын сұмпайылық басты. Идеал өлген соң сенімді сезік, үмітті күдік басынды. Идеал өлген соң оның жер бетіндегі жетім шақалағы – Идеология әдірем қалды. Өлген идеалды жылап-сықтап жоқтай қоятын қоғамыңыздың түрі мынау. Идеалдың әкесі – сұңғыла Суреткер еді. Сол Суреткеріңіз бүгінде сүлдерін сүйретіп әр есікке бір сығалап, әр тесікке бір телміріп жүр. Есік дегеніміз – Қоғамның өзі. Тесік дегеніміз – Қоғамның көзі. Есігі құлыптаулы, тесігі бітеулі Қоғам аузын буған өгіздей өзін-өзі өрге тартумен әлек. Өгіз өле ме, арба сына ма – оны бір құдайым біледі…
И. Сапарбай