Замана қартайған. Қартайған замананың құлағы тас керең. Замана алжыған. Алжыған замананың аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Мәңгі жас және мәңгі жасайтын – жалғыз Жаратқан. Оның құлқы мен құлағы жердегі қайсы біреулердей тас керең емес. Оның көзі көргек, жердегі қайсы біреулердей тұманды, күмәнді, буалдыр емес. Ол бәрін көреді, естиді, сезеді, түсінеді… Ей, пешенелі пенде! Арзу-арманым Алла тарапынан жауапсыз қалады деп қайғырма. Бүгін жылап, ертең жұбанамын деу әрі кетсе – әбестік, бері келсе – бейшаралық. Алла асықпайды, әр нәрсенің ақырын күт, бар нәр-сенің байыбын аңғар. Сабыр сақта, сан соқпа. Асыққан – сайтанның ісі. Ал Сайтан – Оның, Алланың еңбір жұғымсыз, жұқсыз мақұлығы. Мақұлықтың қылығы мен бүлігіне бой алдырғаның – адам қалыбынан айнығаның. Күнәнің ең үлкені де, сорақысы да сол!
И. Сапарбай