Жұмаққа жол

Кімнің жұмақтан дәмесі жоқ дейсіз. Әсіресе, не істеп, нені бүлдірсе де “Құдайдың өзі кешіреді” деп жүре беретін қазекемнің бұл мәселеде талабы таудай, танауы үй-дей. Тамұқ оның түсіне де кірмейді. Білмегенге, білгісі келмегенге обал-сауап бірдей. “Ойбай, есер қазақты есіктен сығалатпаңдар, – депті есті ебекең, – қазақ есіктен енді дегенше, Жұмақтың төрінен бір-ақ шығады”. Сол айтпақшы, бір бейбақ (сірә, қазақтың түпатасының бірі болса керек): “Ей, Расулулла, маған Жұмаққа барудың жолы мен жөнін айтыңызшы?” деп өтініпті. Сонда оған Расулулла с.ғ.с: “Сен сұрақты төтесінен қойып отырсың. Адасып жүрген пенденің бірісің ғой, айтсам-айтайын: біріншіден, жан-жануарларды қамқорлыққа ала жүр – олардың тілі жоқ. Екіншіден, азап шеккен, қор-лық көрген адамдарды құлдықтан құтқар – олардың күні жоқ. Үшіншіден, жетім-жесір мен кәріп-кәсірге пана бол – олардың дымы жоқ. Осы айтқанымды мүлтіксіз атқарсаң, бәлкім, Жұмаққа жолың ашылар” депті. Ия, Жұмаққа барар жол жарық күннен басталады. Бірақ жол-жөнекейгі жылтыраққа алтын екен деп бұрыла бермегеніңіз жөн…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *