Жер-ананың тынышын ала бердік-ау?.. Бесік тербетіп, әлди-әнін ыңылдап айтып отырған ананы әлдебір тосын айқай қатты шошытпай ма? Тәтті де жұмсақ, сиқырлы да ғажап әуенге еріп-балқып енді ғана ұйқы құшағына ене берген сәби – Тіршілік осынау оқыс дауыстан шар-шар етіп оянып кетпей ме? Шошынған ана, оянған бала…Ей, құмырсқадай құжынаған Қабылдың құбыжық ұр-пағы! Бесік тербеткен Ана қай заманда да ұлықтың ұлығы емес пе еді?! Хақ-тағаладан қалауың не? Астамсып аспанға шапшып, Айға секірсең де, қайтып Жерге түсетініңді білмейтін бе едің, сен жазған?!… Жер-ананың тынышын ала бердік-ау. Наласына қалып, кәріне ұшырап жүрмесек нетті?..
И. Сапарбай