Жеке бастың бақыты…

Жеке бастың бақыты… Сіз қалай ойлайсыз, бұл өзім-өзім дегенде емешегі үзіліп тұратын, өзгеге келгенде өңі бұзылып тұратын эгоизмнің сыңары емес пе? Ал адам баласының қам-харекеті үшін басын бәйгеге тігіп, өз бақытынан баз кешетін мыңнан біреулердің тағдырын кім таразылайды? Біреуге денсаулық, біреуге ақ жаулық, ендігі біреуге мол саулық керек. Бәрінің байламы – Ба-қыт, айғағы – Уақыт. “Бақыт баянсыз” десек, меніңше, ол тек жеке бастың “меншігіне” ғана қатысты. Өлісі бар, тірісі бар – әлгі “мыңнан біреулерге” келсек, ортақ ба-қыт деп аталатын адамзат игілігіне солар ие. Бұған қыз-ғанбау керек, қызыққан лазым.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *