Ескендір қайтқан

Ойды ой түртіп оятады. Күдіктен күмән үркеді. Бүркеулі жатқан уақыт сілемі тіркеулі тұрған мұрағат мүлкі емес. Мәселен, қыздың жігітке айтқан назын әспеттейтін ел аузындағы мына бір назымға назар салыңызшы:
Ергене тасты ұнтап кел,
Ескі әніңді шырқап кел.
“Ескендір қайтқан” төбеден
Есетін желдей бұрқап кел…
“Ескендір қайтқан” төбе нені меңзейді? Көне тарих көшінің бұл да бір бізге беймағлұм беттері болмағай…
Жігіт қайда, қыз қайда? “Ерен қабырға”, немесе Тәңір тақ (қазіргі Тянь-Шань) сияқты Ергене тастың да тарихы болғаны ғой. “Ескендір қайтқан” төбе сол тарихтың кірер есігі емес пе екен? Өткен өмірден өзек тарта отырып тарих тілін ұғына алмасақ, туған топырақ бізге сырын аша қояр ма? Келер ұрпақтың сауал сауған көзіне не деп қараймыз? …Өз жеріміздің өгей ұлы болудан сақтасын Құдайым!..
 
И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *