Сауаты шала, көңілі бала, бейілі дала кешегі қыр қаза-ғы мен бүгінгі бірі зиялы, бірі қияли, бірі қалталы, бірі алқалы, бірі ойшыл, бірі тойшыл, бірі дарынды, бірі қа-рынды, бірі Шығайбай, бірі құдайдай, бірі Жантық, бірі тантық, бірі Батыраш, бірі Қотыраш, бірі даңғой, бірі сәнқой… қысқасы, сан түрлі, сан қырлы қазекемді са-лыстырып көрген жеріңіз бар ма? Айтары жоқ, бүгінгі қазақ бәріне бейім, бәріне дайын. Шамасы, Ол қазақ бо-ла-бола қажыған, қартайған, зеріккен, жалыққан. Өзіне – жаппай қасқыр, өзгеге – “ләббай, тақсыр”…
И. Сапарбай