Баяғыда бір ғұлама қасындағыларға: “Дүниеде не қатты, не тәтті?” деп сауал тастапты. Біреуі “жұт қатты, сүт тәтті” десе, екіншісі: “қарғыс қатты, алғыс тәтті” депті. “Жоқ, таба алмадыңдар, – депті сонда ғұлама, – тіс қатты, тіл тәтті. Ал енді осы екеуінің қайсысы өміршең?” “Әрине, қаттысы” депті қасындағылар. Ғұлама басын шайқап: “тағы да таба алмадыңдар, қатты болса тістерің қайда? Ал тілдерің әлі күнге сайрап тұр!” деген екен.
И. Сапарбай