Бір диқанның, дауыл соғып, еккен-тіккенінен дым қалмапты.– Ей, Жаратқан ием, – депті сонда аспанға алақанын жайып, – «бір-бірлеріңе қиянат қылмаңдар» деп пенде-леріңе ақыл айтасың, ал енді мына әрекетіңе не жорық? Өз сөзіңе өзің ие болмағаның үшін өзіңе қандай жаза кессең болады, соны айтшы?
И. Сапарбай