Данышпан

Бір данышпан Сұлтанның әйеліне:
– Менің арзу-тілегімді күйеуіңізге оңаша бір сәтте
жеткізіңізші? – деп өтініш білдіріпті.
– Менен сұрағанша өзіңіз-ақ айта бермейсіз бе? – депті
сонда Мәлике.
– Мәликем! Мәуелі дарақтың ұшар басындағы жемісті
алып жеу үшін алдымен қол жетер бұтағын өзіңе қарай
ию керек емес пе? – депті сонда данышпан.
 
И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *