Ген, Қан

Ген, Қан – бәрі бір сөз. Жан Алланікі, Қан адамдікі. Рас, хайуанда да қан бар. Қалаңыз-қаламаңыз, мақұлық болса да, олардың қаны адамға қарағанда анағұрлым таза. Таза екен деп текті деуге тағы болмайды. Тектілікті қазақ баласы тек жылқыға ғана қиған. “Сұлу ат, жақсы қатын – ер қанаты” дейтіні содан. Тектіліктің жадында да, жатырында да тазалық жатыр. Адамның азғындауы тобырлық тозғындауға әкеліп соғады. Тобымен тобыр дейтін обырға тоғытылған ұлт ешқашанда есі бүтін елге айнала алмайды. Жан үзілсе – Жаһанға ұшады. Қан бұзылса – жапанға лағады. Абайға құлақ асыңыз: “Адасқанның алды жөн, арты соқпақ”. Қабылдамасқа шараңыз жоқ: Адам ата – Хауа анадан бері адам адамға қандас, қардаш, қарындас. Қасиет те, қасірет те қанда! Ұлт басына төнген сонау бір қиын-қыстау, сын сағатта Мұстафа Кемал Ататүрік түрік жастарына: “Сен мұқтаж болып тұрған күш-қуат алпыс екі тамырыңдағы асыл қаныңда бар!” деген екен. Иә, азат қан ғана асыл!!! Масыл тәнде асыл қанның азат ғұмыр кешуі мүмкін емес!

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *