Бір данышпанның айтқаны:
– Өзін қайдам, өзгені азар-безер ететін адамдардың бес
тайпасы бар:
1.Басқаларға ақыл айтып, тәлім бергісі кеп тұратын қас
надан.
2.Аты бар да заты жоқ, тұрқы бар да тұрағы жоқ нәрсеге бола ала шапқын болып жүретін адам.
3.Жанындағылармен ақылдаспайтын патша.
4.Қолынан келмейтін іске тіс-тырнағымен жабысатын
адам.
5.Қасындағыларды тоғышар, өзін ақылды санайтын
қызметкер.
И. Сапарбай