Ақын – екі дүние елшісі

Ақын – екі дүние елшісі. Ол кейде пенде қатарына түсіп, кейде Періште қанатында ұшып жүреді. Алланың азат құсы да бір, ол да бір. Алланың азат құсы аспаннан жерге түсіп азапты ғұ-мыр кешіп жүрсе – қанатынан қайрылғаны, қадірінен айрылғаны. Күндердің күнінде бәрібір өзінің мейірімді мекеніне ұшып кетеді. Наласы да, тобасы да ішінде… Өлеңі қалып, өзі кеткен ақында өлім болмайды. Абай әлемін, Мағжан мұңын, Мұқағали мұратын, Жұмекен жұмбағын, Төлеген төркінін, Жұматай жұмағын таныған жұрт – ардақтауға, абзалдауға тұратын ұлт. Қожа Ахмет Иассауиді Әмір Темір, Әлішер Науаиды Хұсейін Байқа-ра, абыз Бұқарды хан Абылай ұлықтаса, мұны ұлылар ұлығатына баласақ керек. Ешқайсысы да кішірейіп қал-ған жоқ – лебізін тыңдап, негізін танығандықтан тағы-нан түсіп сәлемін берген, өрігін шағып дәнегін берген.Тақ иесіне де, бақ иесіне де тағылым осы!!!

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *