Шекспир Клеопатраның аузына мынадай сөз салады: “Шыдай беру – ақымақтық, Шыдай алмау – азап”. Рас қой, адам болып туып, ақымақ болып өлу қай пендеге абырой әпере қойсын. Бірақ сол ақымақтардың ақылды болғысы келіп тұратыны несі екен? Көре тұрып бұған шыдау – тағы азап…. Шыдай алмау – азап. Грибоедов айтқан “Ақылдың азабы”, Мағжан айтқан “Сұм өмір абақты ғой саналыға…” сірә, осындайдан туған болса керек.
И. Сапарбай