– Тақсыр, мен өмірімде көп қылмыс-қиянат жасадым. Сол күнәларымнан арылтып, Алланың кешірімін әперіңізші? – деп қиылыпты бір бейбақ Имамның алдына жүгініп. – Сенің жаның бес бірдей арықтан лай, қоқыс су ағып келіп, қосылып жатқан бір тоғанға ұқсайды екен, – депті сонда Имам. Біріншісі – сенің көздерің. Мұсылмандықта әйелге көз сүзу, сұқтану, ішіп-жеу әбестікке жатады. Екіншісі – сенің ауызың. Ораза ұстап, дұға оқып жүр, қарау ойдан қаш, жақсы сөз айт. Шариғат қаламағанды ішіп-жеме. Үшіншісі – сенің сана-сезімің. Әдепсіздік пен зұлымдықтан, менмендік пен өркөкіректіктен арыл. Төртіншісі – сенің құлағың. Өсек-аяң мен кесір-кесепат сөзді терме, естімеген бол. Тек сонда ғана әлгі арықтарыңның суы тұнықталады, жаның да, тәнің де тазарады. Ей, бейдауа, пенде, өзің болмасаң, сені күнәларыңнан мен арылта алар халде емеспін, Аллаға жалбарын, Аллаға!..
И. Сапарбай