Арамзалық

Аңқаулық Арамзалықпен ағайындас келіп жатса, не шара? Онда Аңқаулықтың да балалықтан қалып балиғат-ка жеткені де. Балиғатқа жеткен бала бала болудан қалмай ма? Айналадағы әлемдік әсемдік атаулыға көз қырын салмай ма? Көзіне іліккен көрік көңілін жауламай ма? Көңіл шіркін көзін ашты дегенше көкірекке сәуле түспей ме, шам жанбай ма? Сол көкірек шамына жан-жақтан жамырай қанат қағып келіп қызылды-жасылды көп көбелек келіп қонбай ма? Сөйтіп әр пенде өз әл-қадарынша пәруанаға айналмай ма? Аңқаулық ана құрсағында қалып, Арамза-лық мынау жарық жалғанды жайлап, жаулап алар болса, адамның әубастағы Алла құйған қалыбынан айнымағанда несі қалады? Құдайдың қуыршаққа (икон, будда), адамның Құдайға айналмаққа ұмтылу мәнісі, сірә, осыдан келіп шы-ғатын шығар…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *