Арамбұтақ

Жүзімде керекті және керексіз бұтақтар болады. Керектісі жүзім салады. Керексізі қорек сорады, яғни арамбұтақ. Өсімтал да өнімтал өзі. Пейілі жаман, дер кезінде отап тастамаса, жемісті бұтаққа кесірін тигізеді. Мұны отап тастау басқа емес, бағбанның ғана қолынан келетін шаруа. Індет пен дерт жайлаған біздің қоғамда да арамбұтақ-тар аз емес. Әсіресе, анау жоғарғы жақта. Адам мен  заман ағзасын аздырып, тұқымын тоздырып жатқандар да солар. Қаулай өсіп бел алып кетпеуі үшін ауық-ауық қыршынынан қиып тастап отыратын Бағбан керек-ақ, Бағбан…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *