Адам баласы

Адам баласы анадан туғаннан бері мынау алақандай жерде адасумен келеді. Ес жиып, етек басқаннан бері Шындықты іздеумен келеді. Таптым дегені тағы жоқ. Өмірінің аяғына дейінгі әуре-сарсаңы осы болса, адаспағанда қайтсін?! Иә, Шындық – ана екен де, Пенде – жетім бала екен. Жер бетінде қанша адам болса, сонша жетім бар. Мына Жер – жетімдер мекені! Ата сақалым аузыма шыққан-дағы көргенім мен көзімнің жеткені осы. Кеш, өте кеш. Қандай өкінішті? Жетім екенімді білгенім де ғой, келер ме едім өмірге, келмес пе едім…Келдім екен, амал жоқ, табайын-таппайын, Шындықты шырақ алып іздеуім керек. Ол, бәлкім, шыңырауда ма? Бәлкім, шыңда шығар?.. Таба алмайтыныңды күні бұрын біле тұрып іздеген болуың – әрі күнә, әрі ақымақтық! Жарық дүниеге келдің екен – күнәлісің. Себебі сен – күнәлілер перзентісің! Ал ақымақтығың… Аллаға және өзіңе ғана аян.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *