Өлеңде тылсым тағдыр бар. Іштей сезініп, түйсінген-дер ғана сол тағдырмен өз табиғатын табыстыра алады. Өкінішке қарай, сезіну, түйсіну қабілеті әр адамда әрқилы. Әсіресе, болмысы нәзік, елгезек, елжіреуік жандар әсемдік әлеміне, әдемілік әсеріне тез бой алдырады. Аз болсын, көп болсын, менің шынайы оқырманым да, жанашырым да, медеуім де, демеуім де осы бір пәруана жандар.
И. Сапарбай