Алты қырдың аржағынан, алты ауылдың аймағынан ат шалдырып, арнайы келіп сөз айтып, көз салып жүрген Жігітке Қыз шарт қойыпты: – Бірінші шартым – отыммен кіріп, күліммен шығасың. Екінші шартым – тіліңнен безесің, дініңнен шығасың. Үшінші шартым – осы айтқанымның бәрін бүгіннен бастайсың! “Әп” дегенше Қыздың алма мойынын Жігіттің алдаспаны қиып түсіпті. “Басқа пәле тілден” деген осы.
И. Сапарбай