Жүгері дәнін қызып тұрған қазанға салып кеп жібергенде іші сыртына айнала ақжарылып, баданадай-баданадай болып шыға келеді. Біздің қазақты да дәл осындай қара қазанға салып көрсе не болар еді? Тіршілік қазанын айтам. Қайнаса, ылжырап-былжырап кетеді. Дұрысы, қуырылғанда ғана бойындағы бар бойкүйездігінен ары-лар!..
И. Сапарбай