Қазақтар туралы

Әншейінде “жылқы мінезді халықпыз” деп мақтанамыз. Айтыңызшы, алдыға келгенде кімді тістеп, артқа жармасқанда кімде теуіп жатыр екенбіз? Өзімізді емес пе, осы?.. Жылқы жануардың (мал деуге қимайсың) тектілігі, кірпияздығы, сүңғыла сүлулығы, біртуарлығы мына мен қасқада бар ма екен деп әр қазақ өз ішіне өзі үңіліп көріп пе? Үңілсе, не көріпті? Көру үшін де көздің шелден ада-күде таза болуы керек шығар-ау!.. Оны айтасыз, сол қазақтың дені бүгінде қойдай қоңыр, қозыдай момақан. Қой жарықтығыңыз қомақты, қоңды құйрығын аш қасқыр тартып әкетсе де, мыңқ етпестен басын жерге салып, артын қанға малып, қашан бір жерге барып омақаса құлағанша жүре береді… Алдыңғысы азайып, кейінгісі молайған тұс екен, енді не істеген лазым? Қасқырдай қасарысатын, бөрідей бөріктіретін заман әлдеқашан өтіп кеткен!.. Айтпақшы, түп атамызбен тұстас, төркіндес Түйе бар екен ғой! Иә, кәдімгі, көшпенді қазақтың көнбіс көлігі! Көнбістігімен қоса төзімділігін, шыдамдылығын айтсайшы?! Кезсең керуенге, мінсең серуенге жарайтын жануарың да осы Ойсылқара! Жүріс-тұрысы қай кездегі қазақтың да пошым-пішіміне, мінез-құлқына болым-болмысына бек жараса кетеді! Әсіресе, қазіргі бізге, біздің бүгінгі мен-талитетімізге… Өйткені… “Арқалағаны алтын болса да, Түйенің тамағы – тікен”. Бұл да қазекемнің өз сөзі, өзгенікі емес.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *