Саясат – Қабыл, Идеология – Абыл

Саясат – Қабыл, Идеология – Абыл. Қабыл – қатыгез, обыр, озбыр, аяр, залым… Абылдың жай-күйі белгілі… Содан да Қабыл-Саясат әлемді билеп-төстеп отыр. Абыл-Идеологияны өлтіру де, қайта тірілту де оның қо-лында. Өзіне керек кезде тірілтеді, керек еместе өлтіреді. Ханынан бастап қарашысына дейін саясатты сағызша шайнайтын езбе елде сөз көп те, іс кем, қайыршы көп те, қайырым аз, мәселе көп те, мәміле жоқ…Бізде де, міне, Саясаттың салтанат құрғанына біраз жыл. Идеология жоқ, бар болса, саясаттандырылған, немесе, оның қолжаулығына айналған. Идекеңнің күнін итке берсін!..Қайран, Абыл, жолың неткен ауыр еді?! Қайда барсаң Қорқыттың көрі…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *