Жемқорлар туралы

Қазақта “Арам жеген төбеттей” деген сөз тіркесі бар. Қазіргі жемқорлар мен жалмауыздар тұп-тура сол Төбеттің өзі. Сірә, төбедей етті жұмырына жұқ көрмей жұта берген соң солай аталып кеткен болар. Иә, ит азғыны – төбет. Бала кезімізде күшала жеп өлген талай төбетті көргенбіз. Ине жұтып ирелеңдеп бүгіліп, қиралаңдап қисайып, қинала жан тапсырғандары да аз болмаған. Соның бәрі тәбетін тия алмаудың кесірі мен кесапаты. Тәбет, Төбет… Қызық екен…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *