Ес туралы

Ес – ақылдың алғашқы нышанасы. Есі кірген бала ақыл есігінен аттайды. Ақылы толысқан бозбала (бойжеткен) кәмелетке енеді. Кәмелетке ену – кәдеге жарау, санатқа қо-сылу. Сана-сезім де осы тұста қалыптасады. Сана көкірек-те ұяласа, сезім жүректен жай алады. Абайдың “көкірегі ояу, көзі ашық…” дейтіні осыдан. Сана – ақыл, естің көкірек ішіндегі көрінісі. Бастағы Ми көкіректегі Сананың саф алтынға бергісіз салмағы. Ал Сезім – жүректің қас қағым-дағы қағілез хабаршысы. Ол Ақылмен Сана арқылы ғана байланысады. Содан да оған тікелей бағынышты емес. Еркіндікке етене құмар ерке Сезімнің шалт қимылдап, кейде шалыс басуы осыдан келіп шығады. Сезімнің саяқ сапары қашанда қауіп пен қатерге толы. Сананың серіктес сыңарына (сана-сезім) айналғанда ғана Ол сабырлы, салмақты.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *