Аязби, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл!

Әйгілі Шығыс шайыры Әбдірахман Жәми /1414-1492/ 1480 жылы жазылған «Сүлеймен мен Әбсал» дастанында Зертханада /лаборатория/ қолдан ұрпақ жасап шығару жолдарын баян етеді. Мұның мәнісі былай. Әйел атаулыдан көңілі қалған, жүрегі айныған патша Сарай маңындағы, гарем жанындағы сүйіктісі бар, сүйкімдісі бар ұрғашыларына жанаспай-жақындаспай-ақ болашақ тәж-тағына лайықты мұрагер сүйгісі келеді. Ғұлама ерекше құпия жағдайда патша мен оның ең сұлу да ақылды әйелінің ұрығын қосып, шыны құты ішіне жасанды жолмен бала өсіріп шығарады. Патша мұрагерінің атын Сүлеймен деп ныспылайды. Жәми бұл оқиға желісін өзінен төрт жарым ғасыр бұрын өмір кешкен данышпан шипагер Әбу Әли Ибн Синаның /980-1037/ жоғарыдағы аттас пәлсапалық хикаясынан алған болатын. Тегінде, хикая желісі шайырды алабөтен қызықтырса керек. Осының арқасында әйгілі дастан дүниеге келген. Енді көрмейсіз бе, араға тағы да төрт-бес ғасыр салып жапондықтар шыны құтыда бала өсіріп шығару ісімен айналысып жатыр! Ойға алған нәрсесін оябына дейін жеткізу Ибн Синаның қолынан келмеді деймісіз, Құдайдан қорыққан шығар. Алла ісіне қол сұғу адамзат баласына жараса қояр ма екен, тәйірі?.. Жапондарды айтам да.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *