Афсана

Перғауын (Мысыр патшасы) бір сөзінде патшалардың ішінде Аллаға бірден-бір жақын өзі екендігін айтып қа-лыпты. Сонда көп ішінен біреу: “Мұны немен дәлелдей аласыз?” деп сауал тастапты. “Жер үстінде бұрын-соңды болмаған Жұмақ тұрғыза алатындығыммен!” депті сонда патша. Сөйтіпті де Сарай қазынасын, қарақұрым халық-тың еңбегін түп-түгелімен әлгі Жұмақ құрылысына жегіпті. Көп ұзамай жүзі жауһар жүзіктей көз тойғысыз Жұмақжай да әзір-мәзір болыпты. Жаңалық хабар жата ма, жәми жұрт жан-жақтан сәнді Жұмақ салтанатына жиналыпты.Жаһандағы жаңалық атаулы Жаратқан иенің назарынан қашан тыс қалып көрген?! Әзірейіл періштені шақырып “анау шіркіннің жанын мұнда алып кел!” деп әмір беріпті. Бұдан қам-қаперсіз патша нөкерлерімен бірге салтанаттың басы-қасына келіп, өзі бас болып Жұмақ есігінен ене бер-генде жантәсілім етіпті. Алланың құдірет күші арқасында жердегі Жұмақ қас қағып үлгергенше аспанға көтерілген көрінеді.Алла жаратқан жеті Жәннатқа сегізінші Жұмақтың келіп қосылу жәйі осылай екен…

(Рабғузи, “Қиссасул әнбие”, он бірінші ғасыр)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *