Ең алғашқы ақын – Адам ата, ең алғашқы ару – Хауа ана. Хауа ана сұлу болмаса, Адам ата ақын болмас еді. Әйелсіз – ақынның күні қараң. Әйелсіз ақын – мылқау. Еркектің жүрегі әйелдің еркінде, еркектің тілегі әйелдің көркінде. Әйел барда – өлең де бар, ән де бар. Әйел жа-нын әспеттеген, әйел жүрегін әлдилеген, әйел тәнін тәу етіп аялаған, аймалаған ақын ғана – нағыз ақын! Адам ата – осындай Ақын! Олай болмағанда біз де ақын болмас едік, адамзат қауымы да осыншалықты өсіп-өнбес еді!..
И. Сапарбай