Жапырақ менің алдыма құлап түсті деп,
Жел болып соқты бетіме келіп ыссы леп.
Шайқады басын, тіл қатты маған ақ қайың
«Сүйіктің сенің өзгені бүгін құшты» деп.
Төбемнен жылжып алыстай берді ақша бұлт,
Күлкісін жимай, тұнжырап бұлақ жатты ағып.
Шетінде жолдың біреулер жұлып тастаған
Солуы жақын қызыл гүл жатты тапталып.
Қалғандай тынып тірліктің әсем ән-жыры,
Қараңғы тартып кеткендей болды таң нұры.
Бір дауыл келіп жұлмалап жатты кеудемді
Мазақтап мені тұрғандай болды барлығы.
Ақұштап Бақтыгереева