КҮЗ
Сұп-суық күзгі леп,
Күзгі леп сүзгілеп
бұлтты бұлт тықсырды,
тықсырды, сұп-сұр ғып
аспанды, бар маңды,
мына ұлы жалғанды,
Көңілді, сезімді,
Үмітті, арманды.
Бұта – сұр, бір түрлі
Қызыл- сұр гүл тұрды.
Тас та сұр.
Сұр бәрі:
Сұлудың тырнағы,
Өлеңнің ырғағы–
Сұр бәрі, сұр бәрі.
Сұр тамшы, жай ғана
Сұр тасқа тайғана…
Қой, қой, қой, қой, бала
Қарайын айнаға:
Мөп-мөлдір жаңағы
қап-қара жанарым
Кенеттен, о, тоба, түрленіп,
Кетпесе неғылсын сұр болып?
 
Жұмекен Нәжімеденов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *