Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мəселен, «не?» «же!», «мə!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір-бір буын-нан бар. Мұндағы һəр буында екі-екі дыбыстан бар. «Н-е?» (бірінші дыбыс «н», екінші дыбыс «е»); «ж-е!» (бірінші дыбыс «ж», екінші дыбыс «е»); «м-ə!» (бірінші дыбыс «м», екінші дыбыс «ə»); «а-т» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «т»); «а-ш» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «ш»).Қап, бас, жел, күл, мес, бай, жау деген сөздер бір буынды, бірақ бұлардың һəр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс бар: қ-а-п, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, с-о-р, б-а-й, ж-а-у.Бір дыбысты буындар да болады. Мəселен, а-ра, а-та, а-ғу, а-су, а-зу, а-сы деген сөздердің бірінші буындарында бір-бір дыбыстан, екінші буындарында екі-екі дыбыстан бар.Дыбыс таңбасын харіф деп атаймыз, сондықтан жазған сөз ішінде пəлен харіф бар дейміз; айтқан сөз ішінде пəлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс һəм харіф – екеуі екі басқа нəрсе. Біріне-бірін қатыстырып шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көрінбейтін нəрсе, харіф көрінетін, естілмейтін нəрсе. Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарында неше харіфтен бар екенін айырту. Ақ, тоқ, саз, бет, құн, ай, бай, сай, тау, бау, ана, ара, жала, шана, азы, аты, асы, жасы, саны, жаны, аран, ажар, сараң, салақ, сарай, солай, бұлай, асау, жалау, тонау, ұзау, бұрау, арзан, шортан, бұршақ, қармақ, салмақ, алмалы, салмағы, тармағы, шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған. Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөлу һəр буындағы харіфдің санын буын үстіне сипырмен қою керек. Жарлы болсаң, арлы болма. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа. Барымен базар, жоқты қайдан табар. Пайдасыз болса, байдан без, панасыз болса, сайдан без. Бар мақтанса табы-лар, жоқ мақтанса шабылар. Талтаңдасаң, талтаңда, ақшаң болса қалтаңда! Күлме досыңа, келер басыңа. Досқа күлкі, дұшпанға таба бол ма. Ақшаны жолда тапсаң да санап ал. Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан. Сыйыр сыйпағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес. Көше білмес жамандар, көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жамандар, сөзді өзіне келтірер.
Ахмет Байтұрсынұлы