Ақ көйлек

(Үшінші нұсқа)
 
Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.
Сексен қыз серуенге шықсадағы
Ішінде сен қоңыр қыз қаңқылдаған.
Қамалап қанша дұшпан келседағы
Қалқажан айтар сөзін тартынбаған.
Болғанда сен аққу құс көлде жүзген,
Лашын құс не болады талпынбаған.
Көз салып жаман қызға не қылайын,
Кигіздей бейнесі жоқ қарпылмаған…
…Етегі ақ көйлектің ілмеленген,
Қастарың қарып мәттай сүрмеленген.
Сүмбіл шаш, лағыл ерін, асыл қалқа
Іш-баурым ғашық отпен тілмеленген.
 
Ақан Сері
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *