ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ

Жайықтан Шығысқа қарай Аманқарағай ағашына шейін Торғай дуанына аңтарылып барған сары дала. Жаман қаладан оңтүстікке қарай тап Ырғыз қаласына шейін жеткенше екі ара жа-зып салған кілемдей теп-тегіс, әдемі дала көшпелі қазақтардың «шөбі мол, жері – бай» дейтін Арқасы осы. Сол кең даланы Жем, Ор, Ырғыз деген үш өзен кесіп өтеді. Тұщы сулы уақ көлдер мың сан, әсіресе, кең даланың тамыры – Ор маңында су көп.Қар кете дала наурыз айының аяғында-ақ асығып, көк орай шалғынға орана бастайды. Кең дала тұтасынан іркілдек миге айналады, әсіресе, асты тастай жерлердің беті ми, сабыр болып, жүрген аттың аяғын батырып отырады. Жазғытұрғы ыссы күн даланы тез сорықтырып, кептіре бастайды. Топырағын қыздыра бастайды, сондықтан кілем түгіндей көк майса жер бетін жасыра бастайды. Көрмеген кісі дала шөбінің әсемдігін біле алмайды. Сәл жел соқса, боз бен бетеге жасыл теңіз сияқты толқындайды, біріне-бірі бас изеп, теңселіп, шайқалады. Қызыл, жасыл, ақ киген қыз, келіншек сықылды бәйшешектер жер бетіне өң бе-реді, жер құлпырып, ажарланады. Ойпаң жерде қып-қызыл, жап-жасыл, аппақ гүлдер шайқалады, күнге күліп, көзіңді қытықтап, шағылыстырады.Көз тоқтарлық ағаш жоқ, бірақ ескі жұрттың көңінде өскен көкқурай мен кісі бойына жақындап сорайған ошағандар алыс-тан ағаштай сағымданып, көзді алдайды. Сай жағасында бұраң қаққан жас талдың сабақтары, қалың жапырақты тамырша ара-лап, шайырдың хош иісін мұрныңа жеткізеді. Жел соқты дегенше бұталар басы шайқалады, жалтырайды, ағарады. Жапырағының асты ақ бетін аударып көрсетеді, жел тынды дегенше жағадағы алтындай жылтылдаған сары құмның үстінде қарауыта қояды.Көбелектер ерсілі-қарсылы сеңдей соғылысып, қалбақтай-ды, бірін-бірі қуалап, жарысып зең салады. Мың сан шегіртке-нің тырсылы қосылғанда құлақ сарсиды. Ара мен көк шыбын-дар тізбектесіп танысқан қыздарша ыңылдап, ызыңдайды. Қара қоңыздар шөп арасында ысылдап-пысылдап Тәңіріге жазады.

Ахмет Байтұрсынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *