ШӘКІРТТЕРГЕ

 
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
Бостандықта қарсы кеп тұр,
Қалқам, сенің бағыңа.
Не керегің? Алшы! деп тұр,
Тағы да алшы, тағы да.
Күнің туды қарыштап қал,
Қалма қапы қарағым.
Бәйгі атындай жарыс сап қал,
Жасымасын талабың.
Қыр қуарып, сыр суалып,
Күйзеліп ед Алашың.
Бұл уақытта тұр қуанып,
Көріп сендей баласын.
Қайғылы еді, қам көңілді,
Сені көріп, болды шат.
Көркейт жаным, енді еліңді,
Жаңа өспірім, азамат.
Көңіл хошы, көз нұрысыз,
Еңбекшіл тап халқының.
Жарық жұлдыз, ай күнісіз,
Сәулеңді шаш, жарқыным!
Шартараптан жиналыпсыз,
Жаңа талап, жас ұлан.
Ғылым туын қолға алыпсыз,
Құттықтаймын, бас ұрам!
 
Азамат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *