МАҚТА

Маталар кендірден, жүннен, мақтадан істеледі. Мақтаның мамығы мақта өсімдігінен шығады. Мақта жылы жақта өседі. Ресейде мақтаны көп егетін жер – Түркістан. Түркістан мақтасы бүтін Ресейдің пабрикаларын (фабрика) тойындырады. Қапқазда (Кав-каз) да мақта егеді, бірақ мақтадан атақ алған жер –Түркістан. Мақта түрлі болады. Кейде шөп, сабақ, кейде бұта, кейде ағаш сықылды болады. Мақтаның гүлінен тұқымы шығады. Тұқымның түрі мен үлкендігі түйе жаңғақтай қауашақ болады. Мақтаның ең керектісі қауашағы. Сол үшін мақтаны егеді. Пісіп болған соң қауашағы жарылады. Қабығының шеттері ашылады. Ішінен аппақ қар сияқты мамық шығады. Мамық ішінде ұрығы тұрады. Дода-дода болып шығады. Міне, сол мамықты мақта дейді. Мақта тал-тал болады: талдары ұрығына жабысып тұрады. Сол талдарынан жіп иіреді.Піскенде мақта еккен жерді аппақ ақ қырау басып кеткен-дей болады. Кісінің көзін сүйсіндіреді, бірақ жұмысшылардың көзін сүйсіндіріп тұруға уақыты жоқ. Жел қағып кетпей тұрып, қауашақты жиып алуға асығу керек. Мақтаны машинамен тазартады. Тазартып болған соң мақтаны байлап буып, мақта тоқитын пабриктерге жібереді. Жерді аз алсын деп бір жаққа жіберерден бұрын мақтаны нығарлап қысады. Жіп болмастан бұрын мақтаны талай машиналардан өткізеді, ма-шиналармен сабалады, түтіледі. Жіп иіретін пабриктерде мақтадан жіп істейді. Жіп иіру үшін мақтаның бірнеше талын қосып созады, ширатады. Иіру деп осы-ны айтады. Мұнан соң жіпті бояйтын жерге жібереді. Боялып болған жіп-ті сатуға жібереді. Боялмаған жіпті мата тоқитын жерге жібереді. Онда барған соң түрлі машина құралдармен жіптен меткел тоқып шығады. Бояйтын жерде меткелді түрлі түске салып бояйды. Шытқа өрнек салатын жерде меткелге түрлі бояулармен кестелі өрнектер салады.

Ахмет Байтұрсынов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *