ЖЕЛІМ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ

Жер қазып, ішіне кірпіштен үлкен пеш салады, пешке үлкен темір қазандар қондырады. Мысалы: қазақтың қимайы салғаны сияқты болады. Терінің қиқымын, іске аспайтын жүнді, малдың сүйегін қазанға салып қайната береді, бір кезде әлгі нәрселері қайнай-қайнай, ірімшіктің сары суындай қою түске айналады. Қайнап қоюланған соң ағаш үскілерге бөліп құяды, мұнда тұрып суиды. Суынған соң жылтыр ұйыған сорпа сықылды іркілдек нәрсе болады. Сол ұйыған іркілдекті нанша тілім-тілім қылып кеседі де, ау сықылды торға жаяды. Кептіру үшін бұл торларды төбенің астындағы сырықтарға жаяды. Кепкен соң желім болып, базарға сатылуға жіберіледі. Тұрмыста желім көп ұсталады. Желім қайнатқаннан қалған қоқымдармен жерді өңдендіреді, тері, жүн сияқты қалғандарынан көк бояу жасайды.

Ахмет Байтұрсынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *