ЕШКІ ТАУ

(«Қырым сөзі», маркстан) Қали әрі сұлу, әрі мерген! Сені кім ұмытар? Сенің істеген ісің жұрт аузында сөз болып атадан балаға қалып, құс аспайтын Қырымды темір жол жарып өткен, құстан бетер адам аспанға ұшып шарықтаған заманға келіп жетті. Жан серігің жел жетпеске мініп алып, от арбадан оза алар ма едің, оныңды біле алмаймын, бірақ адам баласын өзімнен оздырмаймын деп, атың да, өзің де мамыт болар едің. Сен жел жетпеске мініп ап жосытқанда, ұшқан құсты жазым-сыз жалғыз оқпен жалпитқанда, сені көніркемейтін Отызда бозбала бар ма еді? Отыз өлкесінде сенен асқан мерген бар ма еді? Аңнан қанжыға қандамай қайтқан күнің болушы ма еді? Шиті мылтық асынып, адам аяқ баспаған ешкі таудың басында Қали көрінгенде таутекелері қалтырап, қайда барарын білмей сасушы еді. Сенің сүйегіңнің асылдығы сол: лағын емізген ешкіге еш кезде тимеуші едің. Сенің адамшылығың адам түгіл аңға да бар еді. Бір күні тау ешкісінің жас лақтарының маңыраған дауысы естілген кезде Қали Үрмияның үйіне келеді. Үрмия Қали сүйген, Қалиға сүйікті көріну үшін тырнақ, шашын иісті қынаға12 бояған жесір, жас келіншек. Үрмияға Қали көңілі сонша кеткен, айтқанын екі етпей, тап десе құс сүті болса да табуға талап қылатын. Көбіне тап деп әурелейтін. Қалиға қиын істі істе деріндегі қарайтын мекер көзімен қарап, бір нәрсеге Қалиды жұмсайын деді.

– Ертең маған тау ешкісін атып әкеп берші, – деді.

– Болмайды! Лағын емізіп жүрген ешкіні атуға бола ма?

Бұ не тілек! – деп, Қали таңырқады.

– Мен керек қылғанда, лағын ерткен ешкі болса да, атсаң қайтеді? – деді Үрмия.

– Ата алмаймын!

– Ата алмасаң, кет! Сөз бітті.Қали тұрып, міне қызық дегендей болды да, есікке қарай ба-сып:– Ақылсыз қатын! – деді.

– Ақылсыз қатынға неге келіп жүрсің? – деді Үрмия,

– Сейіт Мәмет бүйтіп тіл қайырмайды. Сен атып әкелмесең, сенен басқа әкелер. Әйтеуір, тау ешкісі мұнда әкелінеді. Мейлің білсін! – деді сұр жылан Үрмия.Қали үйіне қайтып келді, назаланып, қалың ойға кіреді. Ағашта бұлбұл сайрап сыңғырлатып жатыр. Бақшада шыр-шыр ән салған шегіртке дауысы. Көкте бір-біріне жылысып жақындасқан жұлдыздар. Бәрінің атқарғаны сүйіскендік борышы. Жаздың мұндай түнінде ұйқы ешкім ұйықтаған жоқ, Қали да ұйықтамады. Үрмия әбден арбап алған. Оның жаман екенін де біледі. Сонда да бармай шыдап тұра алмайды. «Сен әкелмесең сенен басқа әкелер», – деді-ау! Жоқ! Бұл – болмас. Менен бұрын ешкім әкелмес деп, Қали түрегелді.Таң жаңа белгі беріп келе жатыр еді. Қали тауға қарай таныс соқпақпен жөнелгенде, таң сімері жер бетін жаңа ғана сүйіп еді.Ешкі тау жақын. Қали тырмысып, тырмалап бір таудың басына шықты. Қарсы қабақта таутекелер бұл кезде көп болатыны өзіне аян. Арада жалғыз-ақ «Жер құлагы» бар. Ешкі тауды екі бөлген үңгірді Қырым жұрты Жер құлағы дейді. Жер құлағының тереңдігі сонша, түбі жердің нақ өзіне барып тоқтайды деседі. Жер құлағы 12 Қырымда ноғай әйелдері тырнақ, шаштарын қына сияқты нәрсеге бояйды дейтіндері, жер астында болып жатқан жақсылық, жамандықтың бәрін де Жер құлағы арқылы естіп, біліп жатады-мыс. Қали Жер құлағына жақын келген кезде, көзіне бір ақсақал шал түсті. Сақалының ұзындығы сондай, ұшы үңгір түбіне кеткен. – Аман ба, Қали, құлқын сәріден таутеке атуға келгенің қалай? – деді шал.– Солай, керегі болды, – деді Қали.– Бәрібір ешнәрсе атып алмайсың! – деді шал. Қали шалға жақындаңқырап еді, шал үңгірге жоғалып кетті. – Кімсің? – деп сұрады, жауап болмады. Қопарылған тастар төмен қарай домаланған дыбыстары ғана естілді. Қали қанша тыңдаса да қайда тоқтағанын біле алмады. Тауға қарай көз жіберіп еді, құлағын тігіп ап, әдемі тау ешкі Қалиға қарап тұр. Мылтығын кезеніп, көздеп еді, ешкіні біреу сауып отыр. Сауып отырған әйел таныс сияқты. Бейне өзінің өлген қарындасы. Мылтықты кезенуді қойып, көзін сүртіп қарап еді, ешкі баяғы орнында тұр, бірақ, жанында ешкім жоқ. Мылтығын тағы кезенді, тағы ешкі жанында әйел көрінді. Әйел Қалиға да қарап қойды. Қалидың жүзі сұп-сұр болып, түсі қашты. Қали шешесін тани кетті. Шешесі Қалиға қарап бас шайқады, Қали мылтығын тастап: – Әжекем! – деді. Құйын жүріп қия түбін шаңдатты. Ешкі әлі тұр, қозғалмады. Өңім бе, түсім бе? деп Қали үшінші рет мылтық кезенді. Ешкі жалғыз, бірақ қасында бір лақ көрінді. Әншейін көзім қарау-ытқаннан екен ғой деп ойлап, бір оқтан сеспей қатсын деп, дәл жүректі қарауылға байлап көздеді.Серіппені жаңа баса бергенде көзіне түсті, ешкіні еміп жатқан Қали өз баласындай еркелетіп, жақсы көріп, сүйетін Үрмияның жас қызы.Қалидың тұла бойы мұздай боп, қалтырап кетті! Үрмияның жас қызын атып тастай жаздады-ау. Есі ауып, талып қалады. Көп пе, аз ба жатқанын білмейді. Сонан бері Қали жоғалды. Тастан құлап өлген шығар деп жұрт көп іздейді, таба алмайды. Бұл Жер құлағына түсіп кеткен шығар, олай болса, іздеп арамтер болмайық, деп жұрт күдерін үзді.Қалидың Үрмиясы жалмауыз кемпір сияқты болып қартайды. Үрмияның жас қызы әлдеқашан бой жетіп, күйеуге тиіп, балалы, үбірлі, шүбірлі, немерелі болды. Қалидың құрбылас жігіттерінің бәрі өліп бітті. Кейінгі жастарға Қали туралы өтірік, шыны аралас жұрт аузында сөз қалады. Бір күні Меккеден Асан деген қажы қайтады. Жиылған жұртқа жақсылы, жаманды көргенін сөйлейді. Бәрінен де тамашасы сол: Қалиды Асан өз көзімен Стамбұлда дәруіш болып жүргенін көреді. Таныған соң «Қали» деп шақырған. Қали мұның бетіне қарап, азырақ тоқтап тұрады да, тағы жүре береді.

Қазақшаға аударушы: Қыр баласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *