АРҚАНЫҢ ЖАРҚЫЛЫ

Сібірдің Тундрасында итпен жөңкітіп жүріп келеміз. «Термо-метр» (жылылық пен суықтықты өлшейтін құрал) 38 градус аязды көрсетіп, тұрақтамай, төмендеп келеді. Түнге айналып барады. Қылтанақ ағаш көзге түспейді, айнала күңгірттенген қарлы дала. Қалың қыраудан сақалымыз шатысқан сым сықылды, кірпігіміз мұз шашақ сияқты болып, ашып-жұмғанда көзіміз біріне-бірі жа-бысып отырады. Иттер әбден ағарып, ақ аю сықылды бір нәрсеге ұқсай бастады. Аяғымызды үсітіп алмас үшін шананы қабырғалап жаяу жүгіре бастадық. Аяғымыз жаны кетуге таянып, сіресіп қатып қалған. Кешкі сағат 8-дің шамасында көз ұшында қарауытқан көрдік. Қуанғаннан шу ете түстік, қарауытқан өзен жағасындағы азғантай ғана ағаш болып шықты. Тоқтадық. Тоқтасына иттер қар үстіне жиырылып жата қалды. Біз баспана қамдай бастадық. Айналасы 4 шаршы кез жердің қарын күреп жіберіп, үш жағынан ақ қала тұрғызып, от жағылды. Асқа жүндес аң терісін төсеп, іші-не кіріп ұйықтайтын қапшықтарымызды әзірледік. Шай ысытып отырып аяғымызды отқа созып, әңгімеге кірістік. Ит басына бір-бірден кебу балық тастап, аң терісінен істел-ген қапқа кіріп, басымызға шейін тығып, ұйықтап қалдық. Біраздан соң аяғым қатып бара жатқанда оянып кеттім. Шынтақтап  көтеріле беріп, жұлдызға қарап, мезгілді білейін деп қаптан басымды суырдым. Көкке қарап, таңданып айқайлап жіберіппін. Үлкен, жалпақ доға кемпірқосақ сияқтанып, жарқылдап тұр. Жоғары қарай оқтын-оқтын қызыл, сары мың сан сәуле атылады. Бұл Арқаның жарқылы. Жолдастарымды ояттым, бәріміз де, біреу басымызды айналдырғандай болып, тым-тырыс жарқылға қарадық та отырдық. Бір кезде көктегі зор доға жоғары көтеріле бастады, мұның үстінен тағы бір доға шықты. Бұл да жарқылдап түрлі түсті сәулелер тарата бастады.Тамаша, адам таңырқарлық көрініс ұлғая берді. Бір мезгілде кенеттен, аспанды қып-қызыл от қаптағандай болып, қардың бетін күрең тарттырып жіберді. Мен таңырқап айқайлағанымша болмады, өрттей қызыл түс жоқ боп кетті. Ауа жанғандай, енді сары сәуле бұрқ ете қалды. Тынысымды ішіме тартып, не болар екен деп қорқып қарадым да жаттым. Міне, жарқыл сөне бастады. Алдымен әуелгі доға жыртылды, артынан екінші доға да айырылды. Түрлі түсті сәулелер сирегірек, күңгіртірек бұрқылдауға ай-налды. Жарты сағаттан соң біз таңырқаған көріністен із қалмастан жоғалып кетті. Түсініксіз жарықтың соңғы сәулелері сөнгенде, біз де қабы-мызға кіріп, ұйықтап қалдық.

«Живой родниктен»

Ахмет Байтұрсынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *