Қа… Қаласына

Қош! Сау бол, Қа… жуылмаған!
Айдай бер, қалса адамың қуылмаған.
Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.
Бүркеніп, арсыздарың шайнауына
Жем тапты пісірмеген, қуырмаған.
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың,
Қасыңа қиын болар жуу маған.
 
Ахмет Байтұрсынұлы
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *