Қаржастың Мырзағұлы – Абылай ханның замандасы.
Абылай хан айтқан екен: «Сүйіндікте төрт тіреу бар, соның
бірі – Қаржастағы Мырзағұл». Соған қарағанда, Мырзағұл –
Сүйіндік рулар бірлестігінде батырлығымен, шешендігімен,
әулиелігімен, тура үкім айтатын билігімен белгілі болған.
Оның шығу тегі: Сүйіндік – Қаржас – Құлеке – Телі – Анай –
Мырзағұл.