Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп ай-тылады. Ауызша шығарылған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма сөз болады. Шығарманың түрлері толып жатыр, оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша әдебиет, қазақша асыл сөз дейміз.Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрсе-лері: 1) тақырыбы; 2) жоспары; 3) мазмұны; 4) түрлері.тақырып – әңгімедегі пікір не туралы болса, сол нәрсе тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығар-маның тақырыбы «жаз» болады. Той туралы болса, тақырыбы «той» болады, ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін шығарманың тақырыбы басына қойылады. «Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» деген сөздер шығарма тақырыптары болады және бұл сөздер Айман-Шолпан, Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай Жомарт турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. Әңгіме басында тұрған «Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жа-мал» деген сөздерді көріп, кім туралы екенін бірден білеміз, бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бер-мейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмай-ды, үйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы айты-лып кетеді. Тақырыбы бар сөздер Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен ата-лады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп. Оларды атағанда алдыңғы сөздерін айтып, атаймыз: «Өзгеге көңілім тоярсың», «Келдік талай жерге енді» деген өлеңі дей-міз.жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады, онысы неден басталады, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам я ойында белгілеп алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма сөзде де болса, жоспар болады, бірақ біреуінің жоспары, тәртібі сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа, ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне сәйкес жоспары болады. Балғожаның баласына жазған хаты деген кішкене өлең бар, кішкене өлеңнің кішкене жоспары мы-нау:1) Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіру;2) Баласына айтқан ақылы;3) Оқымаған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі.Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұның жоспары да үлкенірек, мынадай:1) Құрбысының кім екені;2) Құрбысының қонуға келгені;3) Құрбысының қондырмағаны;4) Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы;5) Көңілдестігін көрсетуі.Мазмұн. Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны бо-лады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз – бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сөзіміз мазмұн бо-лып шығады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1) аңдату; 2)мазмұндау; 3) қорыту.Мазмұнның аңдатуында мазмұн туралы алдын ала айтарға керек болған ғана ойлар айтылып шығады, сондықтан мазмұнның бұл мүшесі шығарған сөздің бәрінде де бола бермейді. Аңдату мүше шығарманың керегіне қарай бола-ды. Мазмұндауында ой тиегін ағытқан сияқты айтайын де-ген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмай-ды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді. Бұ да керегіне қарай болатын мүше, сүйтіп шығарма мазмұнының аңдату, мазмұндау, қорыту үш мүшесінің үшеуі де болуға ықтимал; басқалары болмай, жалғыз ғана мазмұндау болуға да ықтимал; кейде аңдату мен мазмұндау ғана болады; кейде мазмұны мен қорыту ғана болады.
158түрі. Шығарманың мазмұны қай-қай түрде айтылса, сол түрі шығару түрі деп айтылады. Шығарманың мазмұны төрт түрде айтылады: 1) жай сөйлеу түрде; 2) сөйлестірген түрде; 3) хат түрінде; 4) аралас түрде.М ы с а л:
1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл, деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
2. Кебек: – Ассалаумағалейкүм! Кеш жарық! (төрге шығады).Ақан: – Аликсалам, е-е, жарқын, қай ұлсың? Танымадық Кебек: – Ата, мен тобықты Тоқтамыстың інісімін. Атым – Кебек болады (Еңлік қарайды).Ақан: – Уа, тобықтының ер, азаматы аман ба? Елдерің тыныштық па?Кебек: – Шүкіршілік, аман, ата! (үй ішіндегілердің бәрімен де амандасады. Біраз тым-тырыс).Ақан: – Жарқын, беймезгіл уақытта келдің, мына пісіп тұрған дәмге риза боламысың, жоқ қайтадан қазан көтерсін бе? Кебек: – Осы да болады ғой, ата! Көтермей-ақ қойсын.Ақан: – Өзің түнделетіп қайдан жүрсің, балам?Кебек: – Бүгін бір аңшылық қыла шығып едім, әлгі бір әзірде түлкінің ізі кездесіп еді, аң көздің құрты ғой, күн батқанға қарамай, соның ізіне түсіп, жаңа мына бір жердегі шатқалда алғыздым. Соған алданып жатқанымда бұлыңғыр түсіп кеткен екен, әйтеуір иттің дауысымен осында әрең жеттім.Ақан: – Мақұл, балам. (айқайлап) Жапал, әй, Жапал!Жапал (тыстан) – Ау, немене?Ақан: – Қойды көңге қайырып қой, балам, ығып кетіп жүрмесін, боран болып, үйтсе-бүйтсе, мына қонағыңның атын ыққа байлап қой, шарбақтың ішіне кіргізіп.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам!
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың
.Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың ортасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!
Шығару түрі шығармаларда дәйім бірөңкей болып, осы көрсеткен мысалдардағыдай кілең сөйлеу түрінде я кілең сөйлестірген түрде яки кілең хат түрінде болып айтыла бер-мейді. Көбінесе аралас түрде айтылады, әсіресе сөйлеу мен сөйлестірген түрлері аралас келіп отырады.
М ы с а л:
Жәнібек батыр
Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін қаракерей соқыр Абыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан жағын жібекпен таңып отырған адам екен, Жәнібекті көріп:– Сен қай ұлсың? – дейді. – Қошқар ұлымын, – деді. – Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? – дейді.– Болармыз, – деді.– Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? – дей-ді.– Осы жақта қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, – деді.– А-а! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап би болайын деген ұл екенсің. Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма, аймағың кетпес алдыңнан.Қол бастап, жол алайын деген ұл екенсің. Жолдастың мың-ын алма, бірін ал, мың кісіге бір кісі олжа салатұғын! Олжаң-ды аямасаң жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал. Жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол. Қартайған соң өкінбе, ұлым! Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең – таяғың, қарның ашса – тамағың!Мұнан шығып Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келеді. Келсе, бидің елі көш екен. Көш үстінде кез болып сәлем беріп, ат үстінен көріседі. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрайды: – Жаным, қай ұлсың?– Қошқарұлымын.– Ұлым, неғып жүрсың? Жәнібек оған да айтады:– Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрамақшы едім, – деп.– Е-е-е!, – деді би. Азуы алты қарыс арғынның Қошқарұлы Жәнібегі алшынның бір алжыған шалын келемеж қылып ке-тейін деп едім десеңші.Жәнібек:– Мен сөз сұраймын деп келсем, көңілімді қайтарды ғой, – деп атының басын бұрып алып, жүріп кетеді. Анадай жер барғанда, би: Әй, Жәнібек, – деп шақырады. Жәнібек артына қарайды. Сонда би: – Атыңның басын бұрма, солай тұр! Жүзім кішілігінен бір ауыз сөзбен көңіліңді қайтардым. Өгізді өрге салма, қанатың талар, жаманға жүзің салма, сағың сынар, – депті.
Мазмұн түрлері
Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлер үшеу: 1) әуезе; 2) әліптеу; 3) байымдау.Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып, сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ я ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз. Я тұлға, тұрпатын, кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, байымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады.Жоғарыда мысалға алынған шығармалардың әуезе болатын түрі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген Абай сөзі. Әліптеме болатындары: «Абайдың әйелді сипаттауы», «Күзді әліптеуі»; Мағжанның «Толқынды сипаттауы»; Абайдың «Әнді сипаттауы». Байымдау болатыны – «Балғожаның баласына жазған хаты».Көбінесе-ақ әуезе, әліптеме, байымдама шығарма ішінде аралас келіп отырады. Жоғарғы көрсетілген сөздердің қайсысы да болса, таза бір түрдегі мазмұнды емес. Мазмұн түрінің ара-лас келетін шығарманың мысалы жоғарыдағы «Жәнібек батыр» деген сөз.