Шобалай – батыр, әулие. Шамамен ХVІІІ ғасырдың
басында дүниеге келген. Шобалай батыр Арғын ішінде
әулиелігімен аты шыққан. М.Ж.Көпейұлы ол туралы:
«Шобалай – батыр болған адам. Күлікте аузы дуалы, айтқанын
Аллаһ қабыл қылған Шобалай батырдан асқан біреуі де
жоқ», – деген. Оны ұрпақтары ішінде: ұлы – Жанабатыр
(Жәңке батыр), немересі – Жанақ әулие – бірі батырлығымен,
бірі әулиелігімен аты шыққан. Оны шығу-тегі: Сүйіндік –
Суғыншы – Шоманақ – Құлболды – Күлік – Наурыз – Шобалай
батыр.