Ақша ру бөлімі

Ақша – Қаракесек руы құрамындағы ру бөлімдерінің бірі.
Ақшадан жалғыз Бошан тарайды. Шежірешілер Бошаннан
таралатын ру бөлімшелерін әртүрлі жіктейді. Шежірешілердің
бір тобы Бошаннан – Жанту, Таз, Байбөрі, Машай, Манат,
Жалықбасты таратса716, Ш.Құдайбердіұлы Көшім мен Шаншарды
қосып, 8 бөлімшеге жіктейді. Шежірешілердің қалған бөлігі
Бошаннан бес бөлімше – Жанту, Таз, Байбөрі, Машай, Манат
тарайды деп қарастырады. З.Сәдібекұлынан басқалары Жанту,
Таз, Байбөрі, Машай, Манат деп атаса, З.Сәдібекұлы Байбөрі,
Жанту, Жалықпас, Көшім, Шаншар бесеуін атайды. С.Толыбеков
нұсқасында Машайды – Мамай, Жантуды – Жанті деп атаған.
Шежірешілердің басым көпшілігінің айтуына қарағанда,
Бошан бес ру бөлімшесіне – Жанту, Таз, Байбөрі, Машай, Манатқа
бөлінеді екен. Біз осы нұсқаның дұрыстығына көзімізді жеткізіп,
Бошаннан бес ру бөлімшесі таралады дейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *