ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚАРЫНДАС

 
Торғайдай таңмен оянды,
Оянған соң жатпады.
Азаттық іздеп шарқ ұрды,
Тұрмыста тұщы татпады…
«Бұзылған бала» атанды,
Басында жұртқа жақпады.
Бықсық, сасық өсекті
Табанға салды, таптады…
Бой бақпады, ой бақты…
Бетіне бояу жақпады.
Шұбалтып ұзын шаш қойып,
Шылдырлап шолпы тақпады.
Шәпке киіп, пәпке алып,
Баяндама жаттады.
Орынбор, Мәскеу аралап,
Жазы-қыс дамыл таппады.
Арып-ашып ел кезіп,
Қайғылыны хаттады.
Күң боп езіліп, егіліп
жылағанды жақтады.
Сурылып топта сөз сөйлеп,
Әйел мұңын жоқтады.
Қысқасы, әйел жынысына
Қара ормандай қызмет қып,
Өркені өскір қарындас
Ақтады үмітті, ақтады.
 
Мағжан Жұмабаев
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *