ҚАЛАМЫМА

 
…Енді, бетім, елді көр еңбек емген,
Басында бағы жанып, күнде күлген,
Қомданып, қас қырандай қаруланып,
Алыста орағытқан жауға төнген.
Осы бетім – ақ ниетім елге ере алсам,
Гүлденген өмірге үндес жыр бере алсам,
Социалды Отанды қанмен қорғап,
Керек болса, кезінде жан бере алсам.
Осы бетім – ақ ниетім, келдім бастап,
Жанымнан бар жараны сылып тастап.
Еңбекші ел, ашуы – ұшан, мейірімі мол,
Жанымды тартты саған жалаңаштап.
 
Мағжан Жұмабаев
1936 ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *