Құлаған
Жапырақтан,
Жылаған
Аспаннан да,
Жабырқау
атыраптан,
Жердегі
тастардан да
Сен жайлы
білмек едім…
Жапырақ
күрсінді де,
Мылқау көк
тұнжырады.
Жанына мұң
сіңді ме,
Күйге енді
мұңды бәрі.
Теңізден
сұрадым мен,
Сен жайлы
бір ақпарды.
Сұрадым бұла
күннен,
Күн де үнсіз
бірақ қалды.
Аулама
Жел қонақтап,
Әлдене сыбырлады:
− Сезімге сенгем
аппақ,
− Басқаша
бүгін бәрі.
Жел кетті.
Оралмады,
Бұл ғалам
дым демеді.
Үнсіздік…
содан ба әлі−
Жүрегім үндемеді.
Саян Есжан