Отқа ұшар көбелек,
Қарамай, сорлы, алды-артын.
Ойына кіріп-шықпайды
Күйдірер деп от-жалын.
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де, бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны
Күйдерер де, тез тынар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық – алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Желімен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда,
Күлден кебін киерміз.
Мағжан Жұмабаев