КҮЗ. ҚЫЗ ТАҒДЫРЫ

 
«Жазған хаттар өртенді,
өшті бәрі,
Өткен күннің
ең ыстық қош, құмары!»
…Кеудедегі
алапат өрттей болып,
Көкжиекке
қып-қызыл кеш құлады.
− Ештеңе де
қызықсыз енді маған,
Түнгі бақтар,
көшелер…қалғымаған…
Біз қауышқан сол кафе,
сол саябақ,
Біз білетін бар таныс,
барлық адам…
Сезім деген –
дерт екен бір білгенім,
Төзім деген –
серт екен шын білгенім.
Шын махаббат қоштасу… иә,
қоштасу –
Тек Мұң ғана аяулы құрбым менің.
Расында «Жалған – Өмір,
Өмір – Жалған!»
Ал, Бақыт –
бұлдыраған сағым алдан, −
…Сұлу қыз бар
үмітін үзді осылай,
Кеудесінде
ауыр мұң табы қалған.
Осылай жылап тұрды
қыз жүрегі,
Үзілген бір жігіттен
жүз күдері.
Біресе өмірді ойлап,
өлімді ойлап,
Ең соңғы рет
үмітін үзді қолы…
… «Сүймеймін! Сүймеймін!!!» −
қыз деді-дағы,
Жанарында
жарқ етіп сенім, ары.
Сүйгеніне
хат жазды ақырғы рет –
«Ақымаққа ақымақ жолығады…»
Осылай
соңғы үмітін үзді қолы,
Жүзін өпті
салқын жел күзгі долы.
Сол бейбақтың
баянсыз хикаясын,
Бір білсе
бүгін жалғыз Күз біледі.
 
Саян Есжан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *