Құшақтап сүйіп сіңлісі
Тетелес туған әпкесін,
Киді жолға шықпақ боп
Көн шапан мен шәпкесін.
Баяғының киімі
Жасқа қайдан шақ келсін.
«Теңдік» деген ұранға
Толтырды қолда пәпкесін.
Көндірді де, сендірді:
«Келем, күт!» – деп әпкесін.
Торсық бетті борсық бай
Қақалсын мейлі, «қап!» десін,
Қарындасқа жол шыққан
Біз жолдаспыз айнымас.
Азаттықты аңсаған
Әпкесіне ап келсін.
Мағжан Жұмабаев